389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


28 желтоқсан күні елдің басым бөлігінде боран болады

  • 896
  • UPD: 09:55, 28.12.2017
28 желтоқсан күні елдің басым бөлігінде боран болады

«Қазгидромет» РМК-ның мәліметтері бойынша, атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде қар жауады.

Тек елдің оңтүстігі мен оңтүстік батысында қар жаумайды. Республиканың басым бөлігінде боран, көктайғақ болып, тұман түсіп, жел күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде боран, көктайғақ болып, желдің күші секундына 15-20 метрге, екпіні 25 метрге жетеді. Жамбыл облысының бірқатар аймақтарында тұман түсіп, көктайғақ болып, жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Түнде желдің екпіні 23 м/с болады.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында тұман түсіп, боран, көктайғақ болып, жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, боран соғып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады. Алматы, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Оңтүстік Қазақстан облысының бірқатар аймақтарында тұман түседі. Маңғыстау облысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады деп күтілуде.

Ақпарат көзі: inform.kz

Хабар 24 телеарнасы