384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Кедендік реттеу туралы жаңа кодекс күшіне енеді

  • 851
  • UPD: 15:34, 28.12.2017

2018 жылдың бірінші қаңтарынан бастап елімізде «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» жаңа кодекс күшіне енеді.

Осы арқылы ұлттық заңнаманы Еуразиялық экономикалық одақтың Кедендік кодексімен сәйкестендіру көзделген. Жаңа құжат кедендік рәсімдеу мерзімін азайтып, әкімшілік кедергілерді кемітеді. Бұл әсіресе бизнес қауымдастығы үшін тиімді болмақ. Заңнамаға сәйкес кеден бекеттерінде жұмысты жеңілдететін жаңа технологиялар орнатылады. Осының арқасында декларациялау үрдісі 1 тәуліктен 4 сағатқа дейін қысқарады. «Сондай-ақ жаңа жылдан бастап қолданысқа енетін жаңа кодекс еліміздің транзиттік және экспорттық әлеуетін арттыруға ықпал етеді дейді», мамандар.

Ғұсман Әмрин, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары:

– Бәрімізге де белгілі, тауарды шығару үшін алдын ала кеден бажын төлеу керек. Онсыз декларация қабылданбайды, тауар да шықпайды. Ол – ерекше өзгерістің бірі. Қазір кеден бажын төлемей, бір айға дейін не алты айға дейін тауарды шығаруға болады.

Хабар 24 телеарнасы