384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарда мерекелік автошеру өтіп жатыр

  • 532
  • UPD: 20:14, 28.12.2017

Павлодар облысында Жаңа жылға арналған мерекелік шаралар басталып кетті.

Ертіс өңірі белсенді жастарының ұйымдастыруымен дәл қазір көліктер шеруі өтіп жатыр.

Қарлығаш Қасиетова, тілші:

- Бүгінгі шараға тек 100-ге жақын әуесқой автомобильші ғана емес, қызығушылық білдірген қала тұрғындары да қатысып жатыр. Күннің аяздығына қарамастан олар ыстық лебіздерін бейнетаспаға түсіріп, Қазақстан халқына жолдамақ. Әлеуметтік желі арқылы таралатын роликке түсуге ниет білдірген кез келген адам қатыса алады. Көліктер шеруіне сондай-ақ ит асыраушылар да келіпті. Өйткені біз үшін жеті қазынаның бірі саналатын бұл төрт аяқты келер жылдың символы.

Дмитрий Клименко, ит асыраушы:

- Мереке жақсы өтіп жатыр. Бізді шақырғандарына алғысымыз шексіз. Қаламызда хаскилердің саны 200-ден асады. Біз қаланың мәдени өміріне белсенді атсалысамыз. Жаңа жылда балаларға тосын сый жасаймыз.

Евгений Гуменюк, шара ұйымдастырушысы:

- Бұл ұсыныс негізінде жастар тарапынан түсті. Бір жағынан автоспортқа қатысушылар жылды қорытындылап, жетістіктерін ортаға салады. Дәстүр бойынша біз Наурыз және Жаңа жыл мерекелерінде халықты құттықтаған ролик жариялаймыз. Биыл оны барша Қазақстан халқына арнауды жөн көрдік.

Мерекелік автошеруге жиналғандарды Аяз Ата мен Ақшақар да құттықтап жатыр. Ұйымдастырушылар болса, ыстық шай мен тәтті тоқаштар үлестіріп жүр. Жалпы халықтың көңіл-күйі көтеріңкі.

Хабар 24 телеарнасы