383,43 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанада Жаңа жыл мерекесіне орай 25 шырша орнатылды

  • 607
  • UPD: 22:02, 28.12.2017

Астана жаңа жылды қарсы алуға дайын.

Мерекеге қарсы шаһарда 25 шырша орнатылды. Биылғы жылдың ерекшелігі бұл жолы түрлі архитектуралық пішіндер қойылып, ұлттық нақышта безендірілген. Сондай-ақ елордалықтар үшін заманауи селфи-шырша да бой көтерді.

Есілдің жағалауы – балалар мен үлкендер үшін таптырмайтын демалыс алаңы. Әсіресе мынадай сырғанақтар үлкен сұранысқа ие. Биіктігі 30 метр. Демеушілердің елордалықтарға жаңа жылдық тартуы. Сырғанақ 4 жолақтан тұрады. Жалпы құны 9 миллион теңге.

Мадина Көпжасарова, маркетинг жөніндегі директор:

- Есілдің жағалауы Астананың жүрегі десем қателеспеймін. Мұнда жасы да, кәрісі де келеді. Жаңа жыл кезінде елордалықтарға ерекше сый жасағымыз келді. Мақсатымыз осы.

Блиц:

- Бізге осындай тарту жасаған жандарға алғысымыз шексіз. Балаларым мәре-сәре. Оларға бұдан артық қызық жоқ.

- Сырғанап көрдік. Ұнады.

- Осындай сырғанақтар көбейсе екен.

Тұрғындардың тілегі орындалды. Астанада мұндай сырғанақ 10 жерге орналастырылған. Бұдан бөлек 12 хоккей, 15 сырғанақ алаңы мен 2 мұз қалашығы бар. Осы жылы орталық саябақта Аяз Атаның резиденциясы ашылған.

Бас қаланы жаңа жылға дайындау желтоқсанның ортасынан басталды. Қазір 25 шырша орнатылған. Бұдан бөлек түрлі түсті шамдар, қызылды-жасылды шарлар мен түрлі ертегі кейіпкерлері түнгі қаланың көркін келтіріп тұр. Тұрғын үйлер, ғимараттар мен бизнес орталықтары да барынша безендірілген.

Ерлан Қаналимов, қалалық ішкі саясат басқармасының жетекшісі: 

- Басты тақырыбы ол – өзіміздің еліміздің ұлттық ою-өрнектері, нысандары бар заттармен безендіру. Екіншіден, еуропалық және басқа да мәдениеттерден келген нысандарды пайдалану.

Ал бұл – биылғы жылы Астана төріне орнатылған ерекше заманауи селфи-шырша. Мұнда тұрғындар жолдаған суреттер мен хаттар шығады. Жақындарыңызды қуантып, ерекше тілек арнағыңыз келсе, сайтқа кіріп өтінішті толтырасыз. Сіздің суретіңіз бен құттықтауыңыз осы шыршадан шығады. Мерекелік шараға кез келген адамның қатысуына мүмкіндік бар.

Хабар 24 телеарнасы