378,45 426.20 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан мен Әзербайжан автокөлікпен жолаушыларды тасымалдауға ниетті

  • 430
  • UPD: 17:43, 29.12.2017

Қазақстан мен Әзербайжан автокөлікпен жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруға ниетті.

Тиісті келісімге осы ағымдағы жылдың сәуір айында қол қойылған. Қос елдің парламенті құжатты бекітіп те қойды. Тараптар жүк тасымалы туралы да квотаны қарастырды. Жаңа келісім екі елдің жүк тасымалдаушыларына шекарадан кедергісіз өтуге, Қазақстан мен Әзербайжан аумағында транзит тасымалын жүргізуге мүмкіндік береді. Қазіргі таңда тасымалдың көп бөлігі Ақтау, Құрық және Алят порттары арқылы өтетін автокөліктер үлесіне тиесілі.

Ибрагим Алиев, автомобиль көлігі мемлекеттік қызметі бастығының орынбасары:

- Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы автокөлік тасымалы жыл сайын өсіп келеді. Бұл ең алдымен экономикалық қатынастардың дамуымен байланысты. Біз жолаушылар тасымалы жөнінде келісімге келдік. Ол паром қатынасы арқылы іске асады немесе Ресей мен Иран аумағы арқылы да қатынауына болады. Егер екі ел тарапынан тапсырыс болса, бұл жобаны жүзеге асыра аламыз.

Хабар 24 телеарнасы