389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сеулде Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысқан Корея азаматтары марапатталды

  • 571
  • UPD: 17:45, 29.12.2017

Сеулде Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесінде корей павильонының жұмысын ұйымдастырған Корея азаматтары марапатталды.

Ғалымдар, дизайнерлер және студенттер Астанада өткен көрмеге сіңірген еңбегі үшін Оңтүстік Корея үкіметінен алғыс алды. Салтанатты марапаттау рәсімінде сауда, өнеркәсіп және энергетика министрлігінің өкілдері Оңтүстік Кореяның ЭКСПО-2017-ге қатысуы сәтті болғанын атап өтті. Таңғы самал елінің павильоны ең көп тамашаланатын нысандар тізіміне кірді. Оны шамамен 560 мың адам көрген. Сонымен қатар Халықаралық көрмелер бюросы Оңтүстік Корея павильонын «Үздік дизайны үшін» қола медальмен марапаттады.

Пак Бён Джун, дизайнерлік компанияның өкілі:

- Егер Астана ЭКСПО 2017-ні Милан мен Шанхай көрмелерімен салыстырсақ, Қазақстандағы көрермендердің мінезі ашық. Бір нәрсеге қызықса, көңілін жасырмай білдіреді. Ұйымдастырушылардың жақсы жұмысының арқасында Астанадағы көрме сәтті өтті. Компаниямыз қойылған міндеттерді сәтті орындағаны үшін сыйлыққа ие болды. Біз үкіметтің осындай бағасына ие болғанымызды мақтан тұтамыз.

Хабар 24 телеарнасы