382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы әкімдігі «Үздік жаңа жылдық безендіру» байқауын жариялады

  • 605
  • UPD: 21:37, 29.12.2017

Биыл Алматыны жаңа жылдық безендіруге 175 млн теңге бөлінген.

Алайда жыл өткен сайын бұл мақсатқа жұмсалатын қаржы үнемделіп келеді. Мереке қарсаңында қала әкімдігі «Үздік жаңа жылдық безендіру» атты байқау да жариялады. Оған кез келген мекеме қатыса алады.

Қазір жаңа жылдық шыршаларды түрлі түсті  шамдардарсыз елестету мүмкін емес. Тау бөктерінде орын орналасқан әсем Алматы мерекелер кезінде тіптен түрленіп кетеді. Әсіресе қаланың түнгі көрінісі ерекше көз тартады. Қаланың сегіз ауданда 15 шырша бой көтерді. 260 шақырым көше қиылыстары мен айналма жолдар да шамдармен көмкерілген. Оған қоса 6 800 ұлттық нышанды айшықтайтын композиция қойылған.

Бақыт Ерубаев, қала тұрғыны:

- Алматының орталығын осынлай безендіріп, жақсы жасағандарына қуаныштымын. Өйткені халық, жас балалар демалатын жер, өте жақсы істелінген.

Қала тұрғындары мен қонақтарының көбі жаңа жылды табиғат аясында атап өтуді жөн санайды. Мысалы қысқы спортты серік ететіндер «Шымбұлақ» демалыс кешенін таңдайды.

Мартин Хубер, Тау шаңғы спортынан Қазақстан құрамасының мүшесі:

- Маған «Шымбұлақ» керемет ұнайды. Осында шаңғы теуіп жүргеніме он жыл болды. Бұл жаңа жылды қарсы алуға тұрарлық ерекше демалыс орындардың бірі.

Безендіру жұмыстарына  қаржы да жылдан жылға аз жұмсалуда. «Яғни шыршаны, әртүрлі шамдарды бірнеше жыл пайдалануға болады», – дейді қала басшылығы. Сондықтан биыл өткен жылмен салыстырғанда 40 млн теңге үнемделген.

Балтөре Пірәлиев, Алматы қ. Наурызбай ауданы әкімінің орынбасары:

- Ұлттық нақышпен, иллюминациямен безендірілді. Бізде қазір 299 элемент ілініп, безендіріліп, Наурызбай әкімдігінің алдына шырша орнатылды. Одан да басқа 473 ағаш безендірілді.

Қала әкімдігі биыл «Үздік жаңа жылдық безендіру» байқауын жариялаған. Жеңімпаздар 2018 жылдың алғашқы он күндігінде анықталады.

Авторлары: Аршын Кемелжан, Кенже Амраев, Эдуард Кон

Хабар 24 телеарнасы