386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға атсалысқан 50 адам марапатталды

  • 825
  • UPD: 10:24, 30.12.2017

Олардың арасында еріктілер, жас блогерлер, журналистер мен таспагерлер, IT технологиясының мамандары бар.

Сондай-ақ жұртшылықтың әлеуметтік желіде дауыс беруімен ең таңдаулы автоерікті анықталды. Олар – «Жайлы такси» жобасына қатысқандар. Сый-сияпатқа ие болғандардың тағы бір тобы – ақпарат құралдарының жас буын өкілдері. «Ең таңдаулы бейнерепортаж» аталымы бойынша бірінші орынды біздің арнаның таспагері Олжас Байбосынов жеңіп алды. Ал ең жас тележурналист облыстық телеарнаның тілшісі Азат Жұмаханов атанды.

Азат Жұмаханов, жүлдегер:

– Алматы облысының барлық сакралды жерлеріне барған болатынмын. Осы материалдарды өткізіп, марапатқа ие болып отырмын. Осындай марапатты алып отырғаным, тек қана менің жетістігім емес, барлық біздің ұжымымыздың арқасы.

Хабар 24 телеарнасы