386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Теміртаудағы тарихи-өлкетану мұражайында ерекше жаңажылдық кеш өтті

  • 992
  • UPD: 15:49, 30.12.2017

Жаңажылдық мерекеде түрлі кейіпке еніп, костюм кию қай уақытта пайда болды? 60-70 жылдары балалар карнавалда қандай костюмдер киді? Теміртаудағы тарихи-өлкетану мұражайында өткен ерекше балмаскарадта тұрғындар осы сауалдарға жауап тапты.

Музей қызметкерлері 1 ай бұрын ғаламтор арқылы үздік киімдерге байқау жариялаған. Сөйтіп 30 жеңімпаздың еңбегі көрмеде таныстырылды. Сондай-ақ жарты ғасыр бұрын болған жаңажылдық кештердің фотосуреттері де жұртшылық назарына ұсынылды. Оларды жергілікті жұрт өздері әкелген. Бұл күні мұражайға келушілер басқа да тосын сыйларға қарық болды.

Ләйлә Әлекеева, Теміртау қалалық тарихи-өлкетану мұражайы директорының орынбасары:

– Жаңажылдық дефиледе біздің 20 шақты қатысушымыз 2018 жылдың жаңажылдық сәнін қала тұрғындарына паш етті. Сонымен қатар біздің көрермендерімізге тосынсый дайындап қойдық. Мерекеде екі француз догы Аяз Ата мен Ақшақардың киімін киіп, балаларға өз өнерлерін көрсетті.

Хабар 24 телеарнасы