387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атыраулық қайырымды жан мүгедек балаларды сауықтыруға арналған орталық ашпақ ниетте

  • 1306
  • UPD: 19:39, 30.12.2017

Мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсету азаматтық парыз.

Атыраулық Ерлан Күмісқалиев балаларды оңалту орталығын ашып, қоғамда қайырымдылық пен ізгіліктің дәнін сеуіп жүрген жанның бірі. Өзі сияқты еріктілердің басын біріктірген қоғамдық ұйым мүшелері болашақта мүгедек балаларды сауықтыруға арналған орталық ашпақ ниетте.

Балалар тек емдеу-сауықтыру, оңалту курстарын ғана емес, қолы бос кездерінде өңірге танымал адамдармен де кездеседі. Сыр бөлісіп, пікір алмасады. Ерлан Күмісқалиевтің аты жуырда ғана «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына енген. Қоғам тынысына, басына қиындық түскен жандардың ауыртпашылығына бейжай қарай алмайтын жанға көпшіліктің де құрметі жоғары. 

Ринат Құлмағамбетов, «Рухани жаңғыру» жобасы кеңсесінің хатшысы:

- Ерлан Күмісқалиев секілді жандардың еңбегі көпшілікке үлгі болса дейміз. Қоғам осындай қайырымды жандардың арқасында алға басады. Болашақ ұрпақ осындай игі істерге куә болу арқылы бойына отансүйгіштік сезім қалыптастырып, өздері де осындай игі істерді қолға алатындығына сеніміміз мол.

Мұнда негізгі ем арнайы жаттығулар арқылы жасалады. Күні бүгінге дейін ондаған бала осы жерден өз аяғымен жүріп кетті.

Ерлан Күмісқалиев, қоғамдық бірлестік жетекшісі:

- Әрбір адамның тағдыры өз қолында. Соған аз болса да біз үлес қосқымыз келеді. Армандардың орындалуы өз қолыңда. Үлкен жеңістерге жету, биік шыңдарға шығу әрбір адамның өзінің қолында сияқты. 

Биыл жергілікті әкімдік қоғамдық бірлестікке арнайы жер телімін бөліп,  көпшіліктің көмегімен үлкен орталық салынып жатыр. Мұнда «канистерапия» мен «иппотерапияға»  арналған жаттығу залдары, атпен серуендеуге арналған ипподром секілді кешенді жобалар құрылысы жүргізіледі.  

Авторлары: Бекен Әлирахым, Амантай Мәтенов

Хабар 24 телеарнасы