386,20 429,31 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астаналықтар Жаңа жылды қалай қарсы алды

  • 1277
  • UPD: 11:28, 01.01.2018

Жаңа 2018 жылды елордалық тұрғындар да шат-шадыман қарсы алды.

Олар үшін қаланың 3 ауданында арнайы алаңдар ұйымдастырылды.

2018 жылдың алғашқы сәттері. Астана аспаны биыл да қызылды-жасылды түске боялып, айналаны мерекелік көңіл-күйге бөледі. Кей тұрғындар бұл сәтті суретке түсіруге асықты. Ал енді біреулері сағат тілі тура 12-ге жеткенде жаңа жылдан жақсылық тіледі. Қалай болғанда да елордалықтар ит жылын сән-салтанатымен қарсы алды.

Сарышұнақ аяз. Аңызақ жел. Сарыарқаның осындай климаттық сипатына қарамастан жаңа жылды алаңда қарсы алғандардың қарасы қалың. Жүздеген адам мерекелік отшашуға куә болып, ән ырғағына ілесе биледі. Бұл – ашық аспан астында жылынудың жалғыз жолы.   

Алаңға жиналғандардың арасында жергілікті тұрғындармен қатар қала қонақтары да көптеп кездеседі. Мәселен, немерелерін жетектеген әжей елордаға сонау Қордай өңірінен келіпті. 

Әжейдің немерелері сияқты мұз қалашығында асыр салып жүрген жеткіншектер жетерлік. Жаңа жыл қарсаңында олардың да арман-тілектерін сұрап көрдік. Қойған сауалымыз қарапайым, ал берілген жауаптарға таңдай қақпасқа амал жоқ.   

Авторлары: Нұршапағат Несіпбаев, Ермек Кеншімбек

Хабар 24 телеарнасы