387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жаңа жыл түнінде елордада оқыс оқиға тіркелген жоқ

  • 563
  • UPD: 15:11, 01.01.2018

Ұсақ құқық бұзушылық болған.

50-дің 16-сы қоғамдық орындарда жасалған. Тәртіп сақшылары ізін суытпай 14 қылмыстың бетін ашты. Бұл туралы қалалық Ішкі істер департаментінің мамандары хабарлап отыр. Сондай-ақ жолда жүргізушілердің қатысуымен 23 көлік апаты орын алды. Салдарынан тек 2 адам зардап шекті. Абырой болғанда, қалғандары дін аман.

Айта кетейік, мереке кезінде 2 мыңға жуық полиция мен Ұлттық ұлан әскерилері жұмылдырылды.

Софья Қылышбекова, қалалық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі: 

- Жүргізілген алдын алу шараларының нәтижесінде айтарлықтай қылмысқа жол берілмеген. Қала қонақтары мен қала тұрғындарына айтарым, жеке мүліктеріне сақ болып, әсіресе адам көп шоғырланатын жерлерде, ірі ойын-сауық орталықтарында, базарларда және де қоғамдық көліктерде сақ болған жөн.

Хабар 24 телеарнасы