386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Степногордағы зауытта сфералық мойынтіректер шығарыла бастады

  • 845
  • UPD: 21:53, 03.01.2018

Көршілес Ресейде өндірілетін сфералық подшипниктер енді өзіміздегі Ақмола облысының Степногор қаласындағы зауытта өндіріледі.

Жаңа жоба кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында жүзеге асқан. Осылайша бүгінге дейін 127 мың 502 дана жаңа үлгідегі мойынтіректер шығарылған. Қазір зауытта 2 мың адам еңбек етеді. Өндіріс көлемінің артуына байланысты алдағы уақытта мұнда тағы да жұмысшылар алынбақ. Аймақта жұмыс сапарымен жүрген Мәжіліс депутаттары өндіріс ошағының цехтарын аралап, еңбеккерлерімен кездесті.

Жанат Омарбекова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: 

– Жұмысшылар бізден Еңбек кодексіндегі жаңа өзгерістер жайлы көп сұрады. Ал біз оның жарқын көрінісін осы зауыттан байқадық. Себебі мұнда жұмысшыларға жақсы жағдайлар жасалған. Депутаттар әрдайым қабылданған заңдардың қалай жүзеге асып жатқанына сараптама жасап отырады. Мәселен, осы жаңа Еңбек кодексі жұмыс беруші мен еңбеккерлер арасындағы көптеген мәселенің шешім табуына көмектесті.

Хабар 24 телеарнасы