389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбе облысында жаңа әлеуметтік нысандар ел игілігіне берілді

  • 664
  • UPD: 08:50, 04.01.2018

Ақтөбе облысының Мәртөк ауданына қарасты Родниковка ауылында мектеп пен дәрігерлік амбулатория ашылды. Облыс орталығына жақын орналасқан ауылдың болашағы зор. Мұнда жекенің құрылысы қарқынды жүріп, халық саны көбейіп келеді. Жаңадан ел игілігіне берілген әлеуметтік маңызды нысандар.

Родниковка ауылындағы ескі мектеп апатты жағдайда болды. Қауіп төндірген ғимараттың жартысы пайдаға жарамай, біраз уақыт жабық тұрды. 8 ай бұрын ауылда жаңа мектептің құрылысы басталды. 3 қабатты ғимаратты салуға мемлекеттік қазынадан 710 млн теңге бөлінген. Мектептің ашылуына ауылдың кәрі-жасы қалмай жиналды. Себебі бұл көптен күткен қуаныш.

Сағыныш Есжанов, Еңбек ардагері:

- Ауылдастарыма, Родниковка ауылының тұрғындарына, мұғалімдерге және оқушыларға жаңа білім ордасы құтты болсын деймін. Сол орданың ішінде мұғалімдер жақсы еңбек етіп, біздің болашағымыз оқушыларымыз білімді, тәрбиелі болсын дейміз. Біз өзіміз үлкен мұғалім болсақ та, осы қуанышты көріп, өзімізді бақытты санаймыз.

Ғимарат автоматтандырылған газ қондырғысымен жылытылады. Жаңа мектепте оқушылардың сапалы білім алуларына бар жағдай жасалған. Пәндік кабинеттер, компьютерлік сыныбы толықтай заманауи үлгіде жабдықталған. 

Нұржан Әшімов, Родниковка ауылдық орта мектебінің директоры:

- Қазіргі заманға сай кабинеттер, мультимедиалық, компьютерлік, физика-математика, химия кабинеттері жабдықталған. Бұрыңғы мектепте 1-сыныптан 10-сыныпқа дейін 220 бала оқыды. Шағын орталықта 30 бала. Мектеп апатты жағдайда болғасын балалар сыйған жоқ. Енді қазір балалар сыяды. 4 шеберхана заманға сай дайын тұр. Үлкен спортзал.

Мереке күндері ауылда отбасылық дәрігерлік амбулатория да ашылды. Әлеуметтік маңызды мекеме мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде қызмет көрсетеді. Ауыл дәрігерлері күніне 70 адамды қабылдай алады. Жалпы бүгінде облыс бойынша 21 денсаулық сақтау мекемесі салынып жатыр.

Авторлары: Ақсәуле Байменшина, Болат Молдағалиев

Хабар 24 телеарнасы