383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандағы православ христиандары Рождество мерекесін тойлайды

  • 865
  • UPD: 23:28, 04.01.2018

Қазақстанда тұратын православ дінінің өкілдері осы аптада Рождество мерекесін тойлайды.

Бұл туралы Қазақстандағы православ шіркеуінің басшысы, Қазақстан және Астана митрополиті Александр журналистермен болған кездесуде хабарлады. Қаңтардың 6-сынан 7-сіне қараған түні шіркеулер барлық ғибадат етушілер үшін ашық болады. Митрополит Александрдың айтуынша, тәуелсіздік алғалы бері Қазақстанда азаматтардың діни ұстанымдары мен мәдениетіне қарамастан, барлық мерекелерді бірге атап өту дәстүрі қалыптасқан. «Рождество мерекесінің мәні – бейбітшілік пен сүйіспеншілік», – дейді ол.

Александр, Қазақстан және Астана митрополиті: 

– Бұл мереке, шын мәнінде, оның ұлттық және діни өзгешелігіне қарамастан, көпшіліктің ортақ мерекесіне айналды. Сондықтан біз құдайдан бәріміз үшін маңызды – бейбітшілік болуын сұраймыз. Отбасымызда, жалпы адамдар арасында, түрлі ұлт пен дін өкілдері арасында келісім, елде тыныштық болуын тілейміз.

Хабар 24 телеарнасы