379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскеменде жолаушы тасымалдаушы компаниялар бюджетке қыруар қаржы берешек болып отыр

  • 470
  • UPD: 07:50, 05.01.2018

Өскеменде қоғамдық көліктер тоқтап қалуы мүмкін. Облыстық мемлекеттік кірістер департаменті қаладағы жолаушы тасымалдаумен айналысатын 6 ірі автопарктің соңғы жылдары қосымша құн және корпаративтік табыс салығын төлемей келгенін анықтады. Қазір бұл мекемелердің берешегі  4 жарым миллиард теңгеге жеткен. Мамандар тасымалдаушы мекемелер қарыздарын өтемеген жағдайда есеп-шоттарына тұсау салынатынын ескертті.

Өскемендегі ірі автопарк  басшылары  қазір үрей құшағында жүр. Қаладағы негізгі бағыттарға   қатынайтын  жүздеген автобусы бар тасымалдаушы компаниялар банкрот болудың алдында тұр. Осындай бір автобус паркінің  директоры Мұрат Қалеловтың   айтуынша  соңғы 5 жылда мемлекеттік баж салығын төлеу туралы міндет қойылмаған. Десекте бүгінге дейін төленбеген ол қарыз 1 миллиард теңгеге жеткен.  Ал тасылдаушы компания болса, қаржылық қадағалау мекемесінің бұл есебімен мүлде келіспей отыр. 

Мұрат Қалелов, автобус паркінің директоры: 

Жолақысын немесе басқа да тарифті талқылау кезінде  салық органдарының мамандары да қатысады. Сол кезде олардың тарапынан қосымша құн салығы мен  коорпаратитік салықтан түсетін пайданы тарифке қосу  туралы мүлде айтқан жоқ. Ал қала әкімдігі де  қосымша табысты тарифке қосып есептеуді ескерткен. 

Тасымал тарифінен түсетін пайдаға байланысты салық органдарының  назарына  қазір  6 компания ілініп отыр. Кірістер департаментінің аудит мамандары автобус парктері  басшыларының дұрыс  қаржылық есептеулер жүргізе алмадық  дегендеріне мүлде сенбейді. Олардың айтуынша қаладағы автопарктердің барлығы жолаушы  тасымалдауда  көліктерін жеке кәсіпкерлерге  жалға  беріп , тиыннан теңге сауып отыр. Салықты жеңілдетілген  жолмен  яғни  жалпы табыстың 3 пайызын  ғана төлейді.  

Нұргүл Омарбекова, облыстық  кірістер  департаментінің бас маманы:

- Салық міндеттемелерді айқындау нормалары, көлемдері  табыс мөлшерін солардың бәрін қосып алғанда  заң нормалары көп бұзылғаны анықталып отыр. 

Жеке кәсіпкерлерді делдал ретінде жалға алмай жұмыс істеу автобус паріктеріне  тиімсіз. Өйткені қазіргі  салық заңнамасы бойынша тасымалдаушы компания  жауапкершілгі шектеулі  серіктестік ретінде  тіркелсе  жалпы табысының 20 пайызынан  салық  төлейді. Ал жеке кәсіпкер болса 3 ақ пайыз. Сондықтан заңнамадағы осы айырмашылықты жеңілдету үшін облыстағы кәсіпкерлер палатасы кірістер  комитетіне хат жолдған.  

Игорь Щацкий,  облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры:

- Біз өткен жылы  ақпанның 5-де мемлектетік кірістер комитетіне  тасымалдуашылар  атынан шағым бергенміз. Бір жыл болды  әлі жауап жоқ, Енді мәселе осылай созыла берсе салық органдары тасымалдаушы компаниялардың есепшоттарын бір жолата бұғыттап тастайды.  

Тасымалдаушы компаниялар салықтан жеңілдік жасалса мемлекеттен берілетін субсидиядан да бас тартып, тіпті жолақы бағасын бірқалыпты ұстауға болатынын айтып отыр. Ал автобус парктері мен өңірлік  кірістер департаменті арасындағы 4,5 миллиард  теңгеге қатысты салық  дауына әлі нүкте қойылған жоқ.

Авторы: Олжас Керейхан

Хабар 24 телеарнасы