387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында балықшыларға қауіпсіздік шараларын сақтау туралы ескертілді

  • 801
  • UPD: 13:38, 05.01.2018

Алматы облысында қыс басталғалы бері үш балықшы суға батса, төртеуі із-түзсіз жоғалып кеткен. Оның екеуі желтоқсан айының басында Алматының кәрізден аққан суы жиналатын «Сорбұлақтан балық аулаймын» деп, мерт болған.

Ал қазір жоғалғандарды іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Осыған байланысты аймақ құтқарушылары ірі су қоймаларына рейд ұйымдастырып, балықшыларға мұзға шығуға болмайтынын ескертті. Өйткені мұз әлі жұқа. Статистикалық мәліметтер бойынша, соңғы 5 жылда жергілікті өзен-көлдерге 15 балықшы батып, 125-і құтқарылған. 

Азамат Жұртбаев,облыстық ТЖД ресми өкілі:

- Балық аулауға шығарда мұздың қалыңдығын ескерген жөн болады. Мұздың қалыңдығы 10 сантиметрден кем болса, мұзға шығуға болмайды. Бір адамға мұздың қалыңдығы 10 сантиметрден асуы керек. Бір топ адамға 15 сантиметрден асуы керек. Көлікпен шығу үшін мұздың қалыңдығы 30 сантиметрден асуы керек.

Хабар 24 телеарнасы