388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да Ресейден заңсыз тасымалданған 200 тонна бидайдың жолы кесілді

  • 888
  • UPD: 08:32, 06.01.2018

Тексеріс кезінде 10 көлік жүргізушісінің тиісті фитосанитарлық құжаттары болмаған.

Нәтижесінде оларға 500 мың теңге көлемінде айыппұл салынып, жүк шекарадан кері қайтарылды. Ең сорақысы, заңсыз бидай тасымалымен ұсталғандардың бәрі өзіміздің азаматтарымыз болып шықты. Сондай-ақ өңірдегі 4 ауданда арзан астық тасымалына тосқауыл қою мақсатында мобильді топ құрылды. Мамандардың дерегінше, бір аптаның ішінде Қазақстан шекарасынан астық тиеген 26 жүк көлігі өткен. Оның он алтысының ғана құжаты түгел болыпты. Қазір көрші Ресейде үшінші сыныпты бидайдың тоннасы 34 мың теңге шамасында. Сондықтан да кейбір кәсіпкерлер оны арзанға алып, елге қымбатқа сатуды көздейді екен.

Владимир Отрадных, облыстық аумақтық инспекциясының жетекшісі:

– Егер бидайдың барлық құжаты дұрыс болса, көлік жүргізушісіне кедергі келтірмейміз. Ал заңсыз тиелген астық екенін анықтасақ, жүк туралы салық комитетіне хабарлаймыз. Бұл – Ресейдің арзан бидайын елімізге қымбатқа сатып отырғандарға бағытталған шара.

Хабар 24 телеарнасы