380,56 429.20 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-дағы Шар локомотив жөндеу депосы жаңа технологияны игерді

  • 1014
  • UPD: 14:31, 06.01.2018

Шығыс Қазақстан облысындағы Шар локомотив жөндеу депосы америкалық технология бойынша жұмыс істеуге көшті.

Кәсіпорын жаңа құрал-жабдықтар мен лицензияға ие болды. Депо мамандары онлайн оқытудан өтіп, біліктіліктерін шыңдады. Бұл елімізде құрастырылып, теміржол тасымалында біраз жылдан бері мінсіз қызмет етіп келе жатқан жаңа буындағы «Эволюшн» тепловоздарының ғұмырын ұзарта түсері сөзсіз. Жаңа белесті бағындырған мекемеде қосымша жұмыс орындары ашылып, қазір мұнда 100-ден астам адам еңбек етіп жүр.

Ринат Ұзақов, Шар локомотив жөндеу депосының бас инженері:

– Жаңа технологиямен жұмыс істеу арқылы біз еңбек өнімділігін арттырдық. Қуат көздеріне кететін шығындар азайып, уақытты тиімді пайдаланатын болдық. Бұл бізге жұмысшы күшін қосымша тапсырыстар орындауға бағыттауға мүмкіндік беріп отыр.

Хабар 24 телеарнасы