384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанада ауырсыну синдромының отасыз емделуінің технологиялары таныстырылады

  • 796
  • UPD: 16:18, 06.01.2018
Астанада ауырсыну синдромының отасыз емделуінің технологиялары таныстырылады astana.gov.kz/

Елорда дәрігерлері ауырсыну синдромының отасыз емделуінің жапондық технологияларын меңгеріп жатыр.

Бұл туралы Астана әкімдігінің медиа орталығы хабарлайды.

Ақпан айында Қазақстанның бас қаласына өз тәжірибесімен бөлісу үшін инвазивті емес хирургия саласындағы танымал жаңашыл, медициналық және фармацевтикалық «Тохоку» университетінің ортопедиялық хирургия бөлімінің профессоры Хироши Озава келмек.

Ол дәрігерлерге жапондық озық аппараттардың көмегімен ауырсынуды отасыз емдеудің әдістерін көрсететін болады.

«Астана тұрғындарына созылмалы ауырсынуды емдеу үшін бұдан былай шетелге баруына тура келмейді. Жапониялық әріптесіміздің көмегімен ақпан айынан бастап қуаттылығы 2 200 МВт, ену тереңдігі 5 см болатын «SuperLizer» және заманауи терапияның төменгі жиілікті әрі интерференцтерапиялық «Sedante-Neo» сияқты ауырсыну синдромын отасыз емдеуге мүмкіндік беретін екі жаңа аппаратты қолданатын боламыз. Бұл аппараттар дәрі-дәрмекті аллергия және асқазан мен он екі елі ішектің жаралы созылмалы асқанған ауырсынуы бар науқастарға қосымша көмек көрсетуге мүмкіндік береді», – дейді Ұлттық нейрохирургия орталығының жоғары санатты невролог дәрігері Ерғали Есенбаев.

Атақты хирургпен кездесуді Ұлттық нейрохирургия орталығы ұйымдастырады. Жапондық дәрігердің қабылдауына бүгіннен жазылуға болады.

«Науқастардың көбі Ұлттық нейрохирургия орталығына өңірлерден жиі келеді. Ол кезде бізде созылмалы ауырсыну синдромы бар науқастарды емдеумен айналысатын бөлімшелер де, мамандар да жоқ болатын. Біз осы проблеманы шешудің жолдарын көп іздедік. Шетелдегі біздің әріптестер оны қалай шешетінін сараладық. Осылайша біз тәжірибе алмасу мақсатымен Астанаға жапондық дәрігерді шақырдық. Кейін бұл әдісті өз елімізде де қолданатын боламыз. Осылайша елімізде медициналық туризм дамитын болады», деп атап өтті Е.Есенбаев.

Хабар 24 телеарнасы