389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семейде биылдан бастап бірнеше жаңа әуе бағыты ашылмақшы

  • 610
  • UPD: 15:16, 08.01.2018

Семейде кешенде жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарының жобасына өзгерістер енгізілген.

Ұшып-қону алаңымен қоса жолаушыларға қызмет көрсету нысандары да жаңғыртылмақ. Әсіресе жүк қабылдау бөлімінің жұмысы жетілдіріліп, жергілікті және халықаралық рейстерді жөнелту дербес атқарылатын болады. Бұл әуе тасымалының сапасын едәуір көтеріп, жолаушылар санын арттырады. Естеріңізге сала кетейік, Семейдегі әуежай 30 жылдан бері жөндеу көрмеген. Оған алдыңғы жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен 10 миллиард теңге қаражат бөлінген.

Ермак Сәлімов, қала әкімі:

– Бүгінгі күнге әр түрлі әуе компанияларынан бірнеше нақты ұсыныс түсті. Мәселен, халықаралық кеңістікке келсек, Семей-Санкт-Петербург, Семей-Новосібір, Семей-Омбы бағыттарына қызығушылық бар. Сол сияқты Семей-Петропавл бағыты да пысықталуда. Әуежай жөндеуден кейін қайта ашылғанда, әуе рейстері мұнан да арта түседі деген сенімдеміз. Өйткені нысан барлық халықаралық талаптарға сай қызмет көрсетеді.

Хабар 24 телеарнасы