384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскеменді көк түтін басып тұр

  • 736
  • UPD: 08:06, 09.01.2018

Соңғы 6 тәулікте Өскемен қаласын көк түтін басып тұр. Қазгидромет мамандарының айтуынша, қалада жел соқпағалы 1 аптадан асқан.

Оның үстіне күн күрт суытқандықтан, ылғалды ауа автокөлік пен өндірістерден шыққан улы түтінге араласып, қалаға шөгіп тұр. Осының кесірінен шаһарда екінші дәрежедегі қолайсыз метеожағдай қалыптасты. Мамандар ауа құрамында күкірт  пен азот қышқылы және басқа да химиялық элементтерге толы зиянды заттар қалыпты мөлшерден бірнеше есе артқанын растады. Қою түтін тек Өскеменде ғана  емес, Риддер қаласы мен Жаңа Бұқтырма ауылын да басқан. Дегенмен, алдағы бірнеше тәулікте аймақта оңтүстік батыстан жел соғып, ауа біршама тазарады. Бұл мамандардың сөзі. 

Жанар Байқадамова, инженер-синоптик:

-Алдағы күндерде ауа райында өзгерістер болады. Циклонның ықпалынан  20-25 метр секунд жылдамдықта дейін жел соғады. Жел соғуына байланысты әсіресе оңтүстік-шығыстан біздің қаламыздағы қолайсыз ауа райы, тұман сейіледі.

Хабар 24 телеарнасы