377,29 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Талдықорғанда ұстаздарға арналған орталық ашу туралы ұсыныс жасалды

  • 884
  • UPD: 10:35, 09.01.2018

Алматы облысындағы білім саласының қызметкерлері Талдықорғаннан ұстаздарға арналған орталық ашуды ұсынды.

Бұл ұсыныс Білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Талдықорған аумақтық ұйымы өткізген «Рухани жаңғыру» - табысты ел болуымыздың кепілі» шарасы барысында жан-жақты талқыланды. Мәселен, қазір Жетісу жерінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 325 жоба жүзеге асып жатса, соның 49-ы тікелей білім саласына қатысты екен. Сондықтан табысты болудың ең басты тетігі білім екенін әркім терең түсінуі керек. Білімді ең биік құндылық деп есептейтін ұлт ғана үлкен табысқа жетеді. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының идеяларын жалпы білім беретін мектептердің, арнаулы және жоғары оқу орындарының оқу-тәрбиелік бағдарламаларына енгізе отырып, ұлттық құндылықтарымызды жаңғыртуымыз керек.

«Талдықорғаннан ұстаздарға арналған орталық ашылып, жұмыс істей бастаса, ол осы уақытқа дейін қолға алынған іс-шараларды сапалы жүзеге асырылып, оны жаңа бастамалармен жалғастыруға тың серпін берер еді», - дейді жиынға қатысушылар.

Садық Әбдіқадыров,  «Білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы Талдықорған аумақтық ұйымының» төрағасы: 

- Біздің әр ауданнан ағылшын тілі пәнінің 700-800-дей мұғалімі келді. Соның бәріне оқитын орын, кейде жататын орын дайын болмай қалып, қиындықтар туған болатын. Ал енді егер де келешекте сондай бір орталық болатын болса, мұғалімдер келіп, білімін жоғарылатып, кітапхана, жатақхана, сол жерде мәдени орталықтары болатын болса, біздің осы рухани жаңғыруымызға ұстаздардың үлесі одан да зор болады деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы