384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырау мұнай өңдеу зауытына 22 миллион теңге айыппұл салынды

  • 531
  • UPD: 19:46, 09.01.2018

Атырау табиғат қорғаушылары Атырау мұнай өңдеу зауытына 22 миллион теңге айыппұл салды.

Бұл әкімшілік жаза зауыттың қоршаған ортаға келтірген залалы үшін тағайындалып отыр. Зиянды қалдықтар кәсіпорында болған өрт кезінде бөлінген. Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың 11 желтоқсанында мұнай өңдеу қондырғысына шикізат тасымалдайтын құбыр бойында апатты жағдай тіркелген болатын. Сол кезде мұнай құрамындағы зиянды қалдықтар атмосфераға таралды. Өрт салдарынан мұнай өңдеу қондырғысының жұмысы бірнеше күнге тоқтатылды.

Жолдасқали Телағысов, облыстық экология департаменті басшысының міндетін атқарушы:

 

– Қоршаған ортаға азот диоксиді, күкірт диоксиді, күйе, көмірқышқылы сияқты зиянды заттар бөліген. Атырау мұнай өңдеу зауытына жалпы көлемі 22 миллион теңге айыппұл салынды. Қазіргі таңда қоршаған ортаға келген залалды біздің инспекторлар есептеуде.

Хабар 24 телеарнасы