389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысы, Байғабыл ауылында түлектер форумы өтті

  • 1094
  • UPD: 10:25, 10.01.2018

Кезінде осы мекеннен түлеп ұшқан сан түрлі мамандық иелері туған жерге келіп, жас буынмен жүздесті.

Өз кәсіптерінің қыр-сыры, жетістікке жету жолымен бөлісті.

Түлектер форумының төріне жайғасқан бұл тұлғалар – бір кездегі Байғабылдың балғындары. Олардың өмір жолы – өскелең ұрпақ үшін өнеге. Сегіз секцияға бөлінген түлектер ауыл балғындары үшін таңсық, нарықта сұранысқа ие салалар жайлы әңгімеледі.

Қуандық Бейсенов, медицина ғылымдарының кандидаты:

- Медицина саласына қатысты көңіл бөліп жатқан оқушылар өте көп. Енді олар өздерін қызықтыратын сұрақтарын қойып, өте қызу шаруа жүріп жатыр.

Айзере Сабыр, оқушы:

- Маған өзім таңдаған медицина секциясы өзіме ұнады. Қандай маман иесі болып қалыптасу керек және болашақ оқу орындарды қалай таңдау керектігі туралы өзімнің сұрақтарыма жауап алдым.

Торғайлық түлектер білімге құмар. Жыл сайын мектеп бітірушілердің 95 пайыздан астамы оқуға түседі. Десек те дені гуманитарлық саланы таңдағандықтан диплом алған соң жұмыс табуы қиын. 

Нұржан Өтегенов, Амангелді ауданының әкімі:

- Амангелді ауданында нарықта сұраныс бар мамандықтар бұл мынау жоғары білімді жол қызметкерлері, коммуникация, құрылыс қызметкерлері, механизаторлар, технолог, агроном, ветеринар, зоотехник деген мамандықтар өте сұранысқа ие.

Жомарт Түбекбаев, форум ұйымдастырушысы:

- Осы форумның негізгі мақсаты – ауылдағы оқып жатқан іні-қарындастарымызға, балаларымызға, осыларға мамандық таңдауға бағыт-бағдар беру. Форумның секциялық жұмыстары, шеберлік кластарын өткізді. Балалардың қатысуы өте жақсы, біз күткеннен де жоғары болып жатыр. Балаларға ой қозғадық деп ойлаймын.

Форум түрлі оқу орындарынан келген өкілдер мен ата-ана, оқушылардың кездесуіне ұласты. Мұндай тағылымдық шара «Рухани жаңғыру» аясында өңірде тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр.

Авторлары: Абылай Мауданов, Ермек Мұхамедияров

Хабар 24 телеарнасы