384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елбасы Ұлттық банк пен Үкіметке бизнесті ұзақ мерзімге несиелендіру мәселесін шешуді тапсырды

  • 509
  • UPD: 12:41, 10.01.2018

Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында Мемлекет басшысы қаржы секторын «қайта жаңғыртуға» баса назар аударып отыр.

Мұны елеп-екшеген Елбасы 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін валютамен берілген ипотекалық займдар мәселесін шешуді Ұлттық банкке тапсырды.

Естеріңізге салайық, осы күннен бастап валюта түріндегі несиелерді жеке тұлғаларға беруге заң жүзінде тыйым салынған. «Банкротқа ұшыраған банк иелері шығындарын мойындай отырып, экономикалық жауапкершілік алуы тиіс. Акционерлердің аффилирлік компаниялар мен жеке адамдардың пайдасы үшін банктерден қаржы шығаруы ауыр қылмыс болып саналсын», – деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң қабылдауды тездету қажеттігін айтып, Ұлттық банк пен Үкіметке тиімді мөлшерлемемен бизнесті ұзақ мерзімге несиелендіру мәселесін бірлесіп шешуді тапсырды.

Хабар 24 телеарнасы