384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР Президентінің Жолдауы: Дені сау ұлт

  • 1094
  • UPD: 12:44, 10.01.2018

Елімізде қымбатқа түсетін стационарлық ем-домды емес, негізінен аурудың алдын алуға бағытталатын шараларды қолға алу керек.

Бұл жөнінде Елбасы жаңа Жолдауында атап айтты. «Денсаулық сақтау саласы Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне кезең-кезеңімен көшеді. Оны енгізудің қажеттілігі ешқандай күмән туғызбайды», деді Нұрсұлтан Назарбаев.

«Алайда Денсаулық сақтау министрлігі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі іске асырмаған дайындық жұмыстарын тыңғылықты жүргізу қажет. Мемлекеттің міндеттерін айқындай отырып, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің жаңа моделі әзірленсін», – деп атап өтті Елбасы.

Оның айтуынша, осы және басқа да шараларды іске асыру үшін «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекстің жаңа редакциясы әзірленуі тиіс.

Хабар 24 телеарнасы