389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елбасының халыққа Жолдауы әлемдегі озық 30 ел қатарына қосылуға жетелейді

  • 1777
  • UPD: 20:15, 10.01.2018

Жаңа жылда жаңа жауапкершілік. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа Жолдауы жарияланды. «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» деп аталатын Жолдау озық 30  елдің қатарынан ойып тұрып орын алуға жетелейді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Қазақстанның жетістіктері сенімді тірек саналады, бірақ ол ертеңгі табыстарымыздың кепілі емес екенін жақсы сезінуіміз керек. Көл-көсір мұнайдың дәуірі аяқталып келеді. Елімізге дамудың жаңа сапасы қажет. Жаһандық трендтер көрсетіп отырғандай, ол, бірінші кезекте, Төртінші өнеркәсіптік революция элементтерін кеңінен енгізуге негізделуі тиіс. Мұның өзіндік сын-қатерлері де, мүмкіндіктері де бар. Жаңа әлем көшбасшыларының қатарына қосылу үшін Қазақстанда қажетті нәрсенің бәрі бар екеніне сенімдімін.

Бұл мақсатқа жету үшін Нұрсұлтан Назарбаев алға он міндет жүктеп отыр. Біріншісі, Индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысы. Ресурстық әлеуетті одан әрі дамытып, «ақылды технологиялар» арқылы агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамытуға мүмкіндік жасау да басты бағыт. Сондай-ақ көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру мен Құрылысқа және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізуге басымдық берілген. Алтыншы міндетте Қаржы секторын «қайта жаңғырту» жазылса, Жетіншісі  «Адами капитал – жаңғыру негізі» деген атауға ие. Жолдаудың тағы бір тармағы «Тиімді мемлекеттік басқаруға» арналған. Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі де бар. Елбасы жүктеген оныншы міндет «Ақылды қалаларды» дамыту.

Хабар 24 телеарнасы