387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ғабит Нұрымбетов: Медицинада жаңа технологияларды пайдалану өте маңызды

  • 912
  • UPD: 07:46, 11.01.2018

Британиялық Уорик университетінің ғылыми паркінде жұмыс істейтін қазақстандық жас ғалым Ғабит Нұрымбетов Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауында денсаулық сақтау туралы айтылған сөзіне толықтай қосылады.

«Қазіргі денсаулық сақтау ісі халықаралық озық тәжірибе және жаңа технологиялар негізінде ауруды ерте диагностикалауға және емдеуге бағытталуы тиіс», – дейді ол.

Ғабит Нұрымбетов, ғалым:

- Мен жүз пайыз келісемін. Жаңа технологияларды пайдалану ауру түрлерін ертерек анықтауға мүмкіндік береді. Нәтижесінде науқас тез әрі ертерек ем алып, асқынған ауралардың саны кемиді. Заманауи технологияларды және зерттеу тәсілдерін қолданбау нәтижесінде көбіне ауру асқынып, оны емдеуге келмейтін дәрежеге дейін жетіп жатады. Меніңше, әсіресе медицинада жаңа технологияларды пайдалану өте маңызды әрі қажет.

Хабар 24 телеарнасы