384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте енді жаңа автобустар қатынайтын болады

  • 599
Шымкентте енді жаңа автобустар қатынайтын болады

Шаһарға Қытайдан су жаңа 30 автобус әкелінді.

Ал қаңтар айының соңына дейін тағы да 70 автобус жеткізілмек. Бұл қоғамдық көліктер әлеуметтік 10 бағыт бойынша жолаушыларды тасымалдайтын болады. Қалалық автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімінің басшысы Қуатжан Жұматаевтың айтуынша, автобустар көлік қатынай бермейтін аудандармен қалаға енді қосылған шалғайдағы елді мекендерге бөлінген.

Жаңадан сатып алынған қоғамдық көліктерге өндіруші зауыт екі жылға дейін кепілдік беріп отыр. Осы уақыт аралығында техникалық қызмет көрсетуге шетелдік мамандар тартылатын болады. Ал осы күндері Шымкентте күн сайын 86 бағыт бойынша 850 автобус пен 300 жолаушы таситын газель қызмет көрсетеді.

Қуатжан Жұматаев, қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы:

- Шымкент қаласында жолаушылар көлігі саласы өте үлкен мәселе болып туындап тұр. Кейде адамдар сыймай қалады. Автобустар кішкентай. Соған сәйкес мына жаңа автобустар 10 метр үлкен. 90 адамға дейін сыйымдылығы бар. Соны жоспарға сәйкес біз қала орталығына жүргіземіз. Шағын автобусты қаланың сырт жағына қарай жүргізу де жоспарда бар.

Хабар 24 телеарнасы