389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Депутаттардың аймақтарға сапары одан әрі жалғасуда

  • 511
  • UPD: 13:37, 11.01.2018

Мәселен, Парламент Сенатының депутаты Сәрсенбай Еңсегенов Құрманғазы, Атырау, Дамбы, Көкарна, Жамбыл секілді ауылдық елді мекендерге барып, ұстаздар қауымымен және тұрғындармен жүздесті.

Президенттің биылғы Жолдауындағы адам капиталы, білім жүйесінің барлық деңгейін қазіргі экономика талаптарына сай жетілдіру мәселелерін талқылады.

Білім берудің жаңа стандарттарына көшу еліміз бойынша алдағы жылдары кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Ұстаздар қауымы да сенатормен көзбе-көз жүздесіп, өздері тарапынан жаңа ұсыныс-тілектерін жеткізді.

Сәрсенбай Еңсегенов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Білім беру мекемелерін жаңа жүйеге көшіру. Оның ішінде мына жаратылыстану пәндерін, математика пәндерін оқытуға ерекше назар аудару. Мектептерді интернетке қосу жүйесін жетілдіру, мұның барлығы – біздің бәсекеге қабілетті мамандарды, азаматтарымызды даярлауға негіз болатын маңызды факторлардың бірі. Мұны ұстаздар қауымы зор ықыласпен тыңдап, қабылдады.

Хабар 24 телеарнасы