366.86 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Е.Қажыбек: Қазақ тілінің терминологиясын заман талабына сай қалыптастыру керек

  • 349
  • UPD: 08:11, 12.01.2018
Е.Қажыбек: Қазақ тілінің терминологиясын заман талабына сай қалыптастыру керек

Соңғы жылдары әлемде қалыптасқан 7 мыңға жуық жаңа термин ана тілімізге аударылған.

Кезінде ұсынылып, бірақ бекітілмеген терминдердің көбі сынға ұшырады. Сондықтан аудармаларды негіздеу тәсілдерін қайта қарау қажет. «Бұл үшін Үкімет жанындағы терминологиялық комиссияның дәрежесін көтеру керек», дейді Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры Ерден Қажыбек. 

Ерден Қажыбек, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры: 

- Біздің терминологиялық комиссиямыздың Үкімет жанындағы статусын көтеруіміз керек. Шынында да оны Үкіметтің басшысы басқаруы керек. Оның жиналыстарының кестесі жасалуы керек. Оның жоспары болуы керек. Және терминология секциялары болуы керек. Кемінде 50 терминологиялық ірі секция болуы керек. Ол жерде мамандар, тілшілер, терминологтар жұмыс істеуі керек, ұсыныстарды талқылауы керек. Одан кейін баспасөз беттеріне жариялау керек. Одан кейін бекіту керек. 

Хабар 24 телеарнасы