369.54 425.20 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алдағы үш тәулікте еліміздің бірқатар аймағында күн суытады

  • 379
  • UPD: 22:19, 12.01.2018

Алдағы үш тәулікте еліміздің көп бөлігінде күн суытады.

Оған Ресейдің еуропалық аймағынан келе жатқан антициклон себеп. Ал еліміздің оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс өңірінде қар жауады деп күтіліп отыр. Әсіресе таулы аймақтарға көптеп ақ ұлпа түседі.

Лаура Сайлыбаева, «Қазгидромет» РМК инженер-синоптигі: 

– Астана қаласында 13 қаңтарда түнде және таңертең аздаған қар жауады және жаяу бұрқасын сақталады. Ал 14-15 қаңтарда жауын-шашынсыз және желсіз ауа райын күтеміз. Ауа температурасы үш күн бойы түнгі сағаттарда -19, -25, ал күндіз -18, -20 градус аяз болады. Алматы қаласында 13 қаңтар күні жауын-шашынсыз ауа райын күтеміз. Және де түнде тұман болуы мүмкін. Ал 14-15 қаңтар күндері кей уақытта қар жауады. 

Хабар 24 телеарнасы