369.54 425.20 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада ауаның ластануын қадағалайтын экологиялық бақылау жүйесі құрылмақшы

  • 306
  • UPD: 23:33, 12.01.2018

Астана әкімдігі ауаның ластануына қатысты нақты шараларды қолға алды.

Ол үшін экологиялық бақылау жүйесі құрылмақшы. Жоба биыл іске қосылады. Айта кетейік, әкімдікте шаһардың экологиялық ахуалына қатысты жиын өтіп, мәселені Энергетика министрлігі мен БҰҰ Даму бағдарламасы және халықаралық даму институты бірлесіп шешетін болып келісілді. Әсет Исекешев жағдайды реттеу үшін жылу орталықтары мен көліктерден бөлінетін зиянды қалдықтарға және жеке тұрғын үй секторларын жылыту мәселесіне назар аудару керек деп отыр.

Әсет Исекешев, Астана әкімі: 

Қаланың даму жоспарын әзірлегенде халықаралық тәжірибеге сүйенген абзал. Қазіргі Жылу электр орталығы 2300 Гкал энергия өндіреді. Болашақта 6000 Гкал керек болады. Ол үшін көмір тұтынатын тағы бір жылу электр орталығын саламыз ба? Жоқ, бұдан бас тартып, қуат көзін үнемдейтін дамудың өзге моделін қолдағанымыз жөн болар. Қазірдің өзінде екі жоба бойынша 1000 Гкал үнемдеуге болады. 

Хабар 24 телеарнасы