389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбе облысының фермерлері жаңа технологиялар арқылы экспорт көлемін арттыруға дайын

  • 559
  • UPD: 11:49, 13.01.2018

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы Жолдауында жерді барынша тиімді игерген диқандарды ынталандырып, ал дұрыс пайдалана алмайтындарға шара қолдану керектігін айтты.

Осы орайда Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері бас қосып, ортақ мәселелерді тағы бір пысықтады. Былтыр өңірде ауыл шаруашылығы мақсатындағы 7,8 млн гектар жерді түгендеу жұмыстары жүргізілген еді. Нәтижесінде 400 мың гектарға жуық жер қайта айналымға енгізілді. Әсіресе суармалы жерлерді игеру 18 пайызға артып, 22 мың гектарға жетті. Жалпы ақтөбелік диқандар өткен жылды табысты аяқтады. 642 мың гектар алқапқа дәнді дақыл егіліп, 512 мың тонна алтын дән қамбаға құйылды. Өңірде егіс алқабы 13 пайызға ұлғайтылып, әр гектардан 14 центнерден өнім алынды. Шаруалар ұжымдасып, ірі кооперативтерге біріге бастады. Бүгінде 171 кооператив құрылып, мемлекет ұсынған механизммен бірлесе жұмыс жасап жатыр. Көбі мал шаруашылығы, оның ішінде ет өңдеумен айналысып жүр. Алдағы мақсат - осы салаға жаңа технологиялар енгізіп, экспорт көлемін арттыру.

Гайк Тертерян, шаруа қожалығының жетекшісі:

- Жыл сайынға халыққа Жолдауында Елбасы ауыл шаруашылығы саласына көп көңіл бөледі. Біз ірі тауар өндірушілер ретінде Жолдауда айтылған міндеттерді қуана қабылдаймыз. Себебі алдағы даму жоспарымыз айқындала түседі. Мен ірі кешенді басқарып отырмын. Шаруашылықта бұрын 40 мың шошқа болса, оны екі есеге дейін көбейттік. Жылына 7 мың тонна ет дайындаймыз.

Хабар 24 телеарнасы