369.54 425.20 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Индустрияландыру экономикалық өрлеуге жол ашты

  • 420
  • UPD: 19:11, 13.01.2018
Индустрияландыру экономикалық өрлеуге жол ашты

Индустрияландыру ел экономикасын дамыту ісіндегі ең басты басымдық болып қала береді.

Елбасы Қазақстан халқына арнаған биылғы жолдауында алдымызға төртінші өндірістік революция жағдайына бейімделудің жаңа әдіс-тәсілдерін іздеп табу міндетін қойды. Біздің мемлекетімізде бұл мақсатқа жетудің алғышарттары жасалды. «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» сияқты бірқатар мемлекеттік бағдарламаның жүзеге асуы соның айғағы», дейді отандық сарапшылар. Ғалымдардың пікірінше, Қазақстан жаһанды жайлаған дағдарыс кезінде де дамуын тоқтатқан жоқ. Дегенмен бұл бағытта атқарылар жұмыс әлі де шаш етектен. Ең алдымен шикізатқа тәуелділіктен арылып, ел ішінде өңдеуші кәсіпорындарды көптеп ашу керек.

Разида Ғабдулина, І.Жансүгіров атындағы ЖМУ аға оқытушысы: 

- 2017 жыл Қазақстан үшін жақсы жыл болды. Өте тиімді макроэкономикалық жағдай қалыптасты деуге болады. Ол өз кезегінде шет елдерден қосымша 10 млрд доллардай инвестиция тартуға мүмкіндік берді. Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының жүзеге асуы арқасында өңдеуші кәсіпорындардың ел экономикасындағы үлесі 40 пайызға жетті. Бұл өте жақсы көрсеткіш.

Хабар 24 телеарнасы