366.86 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Тарихи тұлғалар бейнесі енді ағаштан да мүсінделеді

  • 343
  • UPD: 17:31, 14.01.2018

Өскемендік Юрий Костанянц хандар мен батырлардың тұлғасын ағаштан оюды бір жыл бұрын бастаған.

Мүсіншінің айтуынша, әрбір тұлғаның бейнесін жасамас бұрын ол туралы тарихи шығармаларды оқиды екен. «Сондықтан да уақытымның көбі мүсінді жасауға емес, оның образын тануға кетеді», – дейді. Мүсінші Қабанбай туралы аңыздарда айтылатын батырдың жабайы жыртқышпен алысқан кезін бейнелеген. Ол жасаған мүсіндер арасында Қасымханның да  бейнесі бар.

Юрий Костанянц, мүсінші:

– Әрбір батыр мен хан ұлт үшін мақтан тұтар жеке тұлға деп тану керек. Сондықтан олардың әрқайсысының тұлғасын жасауда олар  туралы тарихи шығармалар мен интернеттен ізденесің. Өйткені олардың нақты суреті жоқ.

Хабар 24 телеарнасы