387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысында кәсіптік-техникалық білім берудің тың тәсілдері жасалуда

  • 659
  • UPD: 22:57, 14.01.2018

Қарағанды облысы өндіріс өлкесі.

Қазір мұндағы кәсіпорындар озық технологиямен жабдықталып, жаңғыру кезеңіне аяқ басып отыр. Бұл өзгеріс кадр мәселесіне де әсер ететіндігі сөзсіз.

Сондықтан талапқа сай, білікті маман даярлау қажет. Ол үшін кәсіптік-техникалық білім берудің  тың тәсілдері жасалуы тиіс. Бүгінде Қарағанды облысында 40-тан астам аталған бағытта білім беретін оқу орны бар. Оның 70 пайызы дуалды оқыту жүйесімен дәріс жүргізеді.

Қадиша Оспанова, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

– Қазір мамандарды дайындау мәселесі алдыңғы қатарда тұр. Ол үшін жоғары оқу орындарына академикалық дербестік беру керек. Өз кезегінде оқу ордалары бұл мүмкіндікті пайданала отырып, заман талабына сай білікті мамандар дайындаулары шарт. Ол үшін жаңартылған оқу бағдарламасына көшулері қажет.

 

 

Хабар 24 телеарнасы