386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Бір ауыл – бір кооператив» жобасы ауылшаруашылығы саласына тың серпін беруде

  • 766
  • UPD: 22:57, 14.01.2018

Маңғыстау облысында «Бір ауыл – бір кооператив» аймақтық жобасы нәтижелі жүзеге асып жатыр.

«Бірегей қанатқақты жоба шалғай өңірде дамуы кенжелеп қалған ауылшаруашылығы саласына тың серпін берді» дейді өңірлік ардагерлер кеңесінің төрағасы Серікбай Төлетов.

Қазір мұнайлы өңір үшін мұнай мен газға тәуелділіктен арылып, агроөнеркәсіп саласын дамыту маңызды. Экономиканы әртараптандыру арқылы ауыл тіршілігіне қан жүгіртуге болады.

Тың бастама ауыл азаматтарының ішкі нарыққа өткізе алмай отырған ет-өнімдерін тиімді бағада саудалауға ықпал етеді. «Елбасы жолдауындағы үшінші бағыт осы агроөнеркәсіп саласын дамытып, тың технологияларды қолдануға жол ашады», – дейді ардагер.

Серікбай Төлетов, өңірлік ардагерлер кеңесінің төрағасы:

– Қазіргі таңдағы маңызды мәселенің бірі – мұнай саласын алар болсақ, мұнай саласының өркендеу заманы өтіп келе жатыр, деңгейі төмендеп келе жатыр. Ал оған қандай шара жасау керек? Ол үшін агроөнеркәсіптік өнімдерді көбейту керек. Енгізіліп те жатыр, бізде бар ондай технологиялар.




Хабар 24 телеарнасы