382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанадағы Ұлттық музейде құнды жәдігерлерге арналған арнайы зал ашылды

  • 947
  • UPD: 13:39, 15.01.2018

Махамбеттің домбырасы, Бөгенбайдың құтысы және Кенесарының қылышы сынды құнды жәдігердерді Астанадағы Ұлттық музейден тамашалауға болады.

«Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» II республикалық форумы аясында арнайы зал ашылды. Бұған қоса бір жылдық экспедициялар нәтижесінде киелі 100 орын мен өңірлік 500 орын жоба тізіміне алынған. Олардың ішінде Қожа Ахмет Яссауи, Айша бибі кесенелері бар. Бұл тізім енді ғалымдар арасында талқыланып, мемлекеттік реестерге алынбақ. Жоба аясында «Қазақстанның жалпыұлттық қасиетті нысандары» кітабы мен «Қасиетті Қазақстан» энциклопедиясы басылып шығарылған. Сондай-ақ «Алтын Адам», «Күлтегін. Жаңа көзқарас» атты фильмдер топтамасы түсірілген.

Берік Әбдіғалиұлы, «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының директоры:

– Әрбір қазақстандық, шетел азамыт болсын Қазақстандағы қасиетті жерлерді үйде отырып көре алады. Оның тарихын білу, насихаттау, ең бастысы сол жерлердің аңызын жеткізу. Сонымен қатар роликтер түсіріліп жатыр. Бұл – басқа да атқарылған жұмыстардың бір нәтижесі.

Айболат Шамұратұлы, форумға қатысушы:

– Былтырғы Елбасымыздың мақаласы өлкетанушыларға үлкен серпіліс берді. Соның ішінде БҚО мамандары оған дейін бірнеше жұмыс атқарды. Конференциялар ұйымдастырып, Еділ-Жайық арасында үлкен экспедиция жасадық. Сонымен қатар көне құлпытастарды оқу біздің негізгі жұмысымыз болып табылады.

Хабар 24 телеарнасы