389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан инновация саласында Финляндиямен тәжірибе алмасады

  • 841
  • UPD: 15:35, 15.01.2018

Елбасының биылғы Жолдауында айқындалған экономиканы цифрландыру және жаңа технологияларды енгізу мәселелері Парламент қабырғасында талқыға түсті.

Бұл сұрақтар Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин мен Финляндия Парламентінің мүшелері арасында өткен кездесуде әңгіме өзегіне айналды. Төменгі палата спикерінің айтуынша, бүгінде Финляндия елі әлемнің үздік он новатор-мемлекеттерінің қатарына кіреді. Сондықтан Қазақстан финдермен инновация саласында тәжірибе алмасуға мүдделі. Әсіресе заңмен қамтамасыз ету мәселесі бойынша.

Вилле Скиннари, «Финляндия-Қазақстан» парламенттік достастық тобының төрағасы:

– Қазақстан Президенті өзінің жыл сайынғы халыққа Жолдауында жаңа заманға сай қоғамды дамыту бойынша көкейкесті мәселелерді қозғады. Финляндия үшін де бұл сұрақтың маңызы зор. Жолдауда көрсетілген цифрландыру, экология, білім беру, жаңғырту секілді міндеттер былтыр өткен ЕХРО көрмесінде де айқындалып еді. Бұлардың бәрін біз бірлесе жүзеге асыруымыз тиіс.

Хабар 24 телеарнасы