384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ сарапшылары Қазақстанды алаңсыз саяхаттауға болатын елдердің қатарына қосты

  • 457
  • UPD: 19:43, 15.01.2018

АҚШ-тың Мемлекеттік департаменті Қазақстанды «саяхат жасауға ең сенімді» елдердің қатарына қосты.

Олар туристерге кеңес беретін интерактивті карта-нұсқаулық әзірлеп, мемлекеттерді төрт топқа бөлген. Бірінші топ ақ түске боялған. Яғни алаңсыз саяхаттауға болатын сенімді мемлекеттер. Мұндай елдердің көпшілігі Шығыс Еуропада орналасқан. Ал Орталық Азияда Қазақстан сенімге ие болған. Екінші топ сары түсті. Бұл елдерге барған адам барынша сақ болуы керек дегенді білдіреді. Үшінші топ қызғылт сары. Бұл мемлекеттерде қауіптің деңгейі жоғары. Ал Ауғанстан, Иран, Сирия, Ливия, Йемен және Солтүстік Корея елдері қызыл түске боялып, төртінші топқа қосылған. АҚШ билігі мұнда мүлде бармауға кеңес береді. 

Хабар 24 телеарнасы