384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздегі құрылыс саласына заманауи технологиялар енгізіледі

  • 1063
  • UPD: 09:42, 16.01.2018

Елбасы биылғы Жолдауының бесінші бағытын осы салаға арнап отыр.

Өткен жылы Павлодарда 21 көп қабатты үй тұрғызылып, екі мыңнан астам адам баспаналы болды. Заманауи құрылыс материалдарын пайдаланудың арқасында жаңадан бой көтерген баспаналардың сапасы артқан. Мәселен, «Сарыарқа» ықшам ауданындағы жаңа көп қабатты үйлерге жеке жылу және электр қуатын есептегіш құралдары орнатылып жатыр. Осының арқасында тұрғындардың қаражаты үнемделіп, жылумен қамтамасыз ететін ұйымдардың шығыны азаяды. Бұл туралы облыс активінің жиынында айтылды. Сонымен қатар көлік логистикасы, туризмді дамыту, сандық технологияларға көшу жобалары басты назарда болмақ. 

Аурика Дяк, кәсіпкер:

- Елбасы құрылыс саласына жаңа заманауи технологияларды енгізу арқылы креативті көзқарас қалыптастырып отыр. Біздің алдымызда сапалы құрылыс материалдарын шеттен тасымалдамай өзімізде жасап шығару міндеті тұр. Табиғи байлығымыз жетеді. Осы салада еңбек етіп жүрген соң келешекте «Қазақстанда жасалған» атауымен керамикалық кірпіш шығаратын өндіріс құруды жоспарлап отырмыз. Шикізат қоры жетеді. Сапалы өнімге сұраныс та жоғары болады деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы