382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде тарихи тағылымы мол қасиетті жерлердің жалпы саны 500-ден асады

  • 766
  • UPD: 10:02, 16.01.2018

Бұдан былай Қазақстанның киелі жерлеріне үйден шықпастан сапар шегуге болады. Отандық мамандар 3D туры бар арнайы карта жасауды қолға алды. Соның арқасында енді еліміздің кез келген тарихи нүктесі жайында толыққанды ақпарат алып, виртуалды аралауға мүмкіндік туады. Бұл жөнінде Астанада өткен «Қазақстан киелі жерлерінің географиясы» жобасының  форумында белгілі болды.

Кенесары xанның қылышы, Бөгенбай батырдың құтысы, Махамбет ақынның домбырасы, Шоқан Уәлиxановтың тапаншасы, тіпті Сталиннің Қажымұқанға жіберген телеграммасы да осында. Астанадағы ұлттық музей тарихи тұлғалардың жеке заттары жиналған қасиетті алаңға айналды. Бұл жәдігерлер бір жерде бірінші рет топтастырылып тұр және оған мемлекеттік деңгейде қолға алынған жоба түрткі болды. «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» атты бастама батыр-билеріміздің заттарын түгендеумен қатар қасиетті деген тарихи  тағлымы мол 100 жерді анықтауы тиіс еді. Бірақ отандық ғалымдар мұндай орындардың 100 емес, жалпыұлттық деңгейде 200-ге жуық, ал өңірлік деңгейде 500-ден асатындығын анықтаған.

Берік Әбдіғалиұлы, «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының директоры:

- Қазір біз мақұлдадық жобаны. Ендігі мақсат осыны тағы да талқылап, болашақта оны бекіту. Заңға арнайы өзгеріс енгізгіміз келеді. «Траихи ескерткіштекрді қорғау» заңына арнайы пункт енгізіп, ресми түрде бекітіледі. Арнайы статус беріледі.

Жоба аясында «Қазақстанның жалпыұлттық қасиетті нысандары» кітабы мен «Қасиетті Қазақстан» энциклопедиясы басылып шығарылған. Сондай-ақ бірнеше тарихи танымдық фильм түсіріліп, көпфункционалды виртуалды карта жасалды. Ал тарихшылар болса жобаның жүктеген міндеті бұнымен біткен жоқ дейді. Керісінше жұмыс енді қызғалы тұр. 

Айболат Құрымбаев, тарихшы:

- Ендігі жоспарымыз БҚО-мен шекаралас 5 Ресей облысының құлпытастарын зерттеп, көптеген мәліметтерді жинау. Қазіргі уақытта қолымыздағы мәлімет болйынша XVII ғасырда Барақ батырдың құлыптасы бар.Сонымен бірге Ресей аумағында қалған Бөкей ханның жары, тағы да басқа жаңалықтар ашады деген ойдамыз.

Ал Астанадағы рухани жаңғыру залындағы жәдігерлер біраз уақыттан кейін қайта өңірлерге қайтарылады. Сондықтан көріп үлгерем деушілер ұлттық музейге асығу керек.

Авторлары: Аслан Қаженов, Ержан Рахманбердиев

Хабар 24 телеарнасы