386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жалған ақпарат таратушыларға тосқауыл қойылмақ

  • 504
  • UPD: 16:09, 16.01.2018
Жалған ақпарат таратушыларға тосқауыл қойылмақ

Еуроодақ ғаламторда жалған ақпарат таратуға тосқауыл қоймақ.

Ол үшін арнайы топ құрылады. Бірнеше аптадан соң 40-қа жуық сарапшы қай елден жалған ақпарат тарағанын анықтауы тиіс. Сонымен қатар мамандар шындыққа жанаспайтын материалдарды тарату жауапкершілігінің деңгейін де зерттеуі керек. Және оның көзін жою үшін арнайы құралдар ойлап табылады.

Мария Габриэль, цифрлық экономика жөнінде Еуроодақ комиссары:

– Жалған ақпарат жөніндегі жоғары деңгейлі сарапшылар тобының мақсаты бір. Ол Еурокомиссияға дәстүрлі және әлеуметтік БАҚ-та жарияланған жалған ақпараттарды таратуға қатысты және олардың әлеуметтік, саяси зардабымен қалай күресу жөнінде идея ұсыну. Аталған топ жұмысының нәтижесі 23 ақпанда аяқталатын қоғамдық кеңестің қорытындысына еніп, сонымен қатар келесі аптада жұмысын бастайтын «Еуробарометр» әлеуметтік сауалнама агенттігінің негізі ретінде қаланатын болды.

Хабар 24 телеарнасы