388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Енді пайдаланылмаған жер телімі мемлекетке қайтарылады

  • 641
  • UPD: 17:13, 16.01.2018
Енді пайдаланылмаған жер телімі мемлекетке қайтарылады

Атырау қаласында өткен жылы жеке тұрғын үй салушыларға 2 мың жер телімі берілді.

Бүгінде қала бойынша 1998-2004 жылы берілген арыздар қанағаттандырылып жатыр. Барлық жер теліміне инженерлік коммуникациялық жүйе жүргізілген. Осы мақсатқа 2017 жылы қала бюджетінен 6 млрд 987 млн теңге қаралған. Яғни жеке құрылыс салатын азаматтар енді ауызсу, газ және электр желісі тартылған дайын жер теліміне ие болады. Сондай-ақ 86 жер телімі аукцион арқылы шағын және орта бизнеске ұсынылып, 43 телім сатылды. Ал керегіне жарата алмаған азаматтардың жер телімі қайтарылады.

Мейірім Қалауи, қала әкімінің орынбасары:

– Жергілікті атқарушы билік пен өкілетті органға 289 жер телімінің игерілмегені туралы хабарлама берілсе, соның 10 учаске яғни 20 гектарға жуық жер көлемі мемлекет иелігіне қайтарылды. Бұл жерлерде болашақта әлеуметтік нысандар, тұрғын үйлер халыққа қажетті нысандар бой көтеретін болады. Бұл жұмыс әрі қарай да жалғасады.

Хабар 24 телеарнасы