389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанада бір жылда 1062 пәтер қолданысқа берілген

  • 419
  • UPD: 18:42, 16.01.2018
Астанада бір жылда 1062 пәтер қолданысқа берілген

Елорданың даму қарқыны қалыпты.

Әлеуметтік-экономикалық салада өсім бар. Астана қаласы бойынша мұндай нәтижелерге қол жеткізуге индустрияландыру, құрылыс, шағын және орта бизнес бағдарламаларын жүзеге асыру өз септігін тигізді. Тарқатып айтар болсақ, құрылыс қарқынды жүріп жатыр. Мемлекеттік бағдарлама аясында 7 тұрғын-үй кешені бой көтерді. Мұндағы 1062 пәтер бір жылда қолданысқа берілді. 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылған. Құрылыс есебінен жылу желілерінің 50, ал электр желілерінің 25 шақырымы жөнделді. Қалада 177 аула абаттандырылып, 21 спорт алаңы ашылған. ТКШ жаңғырту бағдарламасы бойынша көппәтерлі 9 үйге күрделі жөндеу жүргізілді.

Хабар 24 телеарнасы