389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Теміртауда синоптиктер ауаның құрамын зерттеп жатыр

  • 531
  • UPD: 19:35, 16.01.2018
Теміртауда синоптиктер ауаның құрамын зерттеп жатыр

Теміраудың 5 шағын ауданында Қазгидромет, экологтар, жергілікті әкімшілік және металлургиялық комбинат мамандарынан құрылған арнайы комиссия жұмыстарын бастап кетті.

Олар апта ішінде ауа құрамында пайда болған күкіртті сутегінің нормасын анықтайды. Айта кету керек, алғашқы екі зерттеу ауада күкіртті сутектің аз мөлшерде екендігін көрсеткен. Естеріңізге салсақ, қаңтардың басында қала тұрғындарының арызынан кейін Теміртау билігі экология басқармасына хат жолдаған. Сол хатқа байланысты қазір жоспардан тыс тексерістер жүріп жатыр. Ал қорытынды нәтижелері экология департаменті мен облыс әкімшілігіне жолданады.

Антон Вершинин«Қазгидромет» РММ жылжымалы зертхананың технигі:

– Кеше ауада аздаған мөлшерде күкіртті сутегі байқалды. Бірақ ол нормадан аспады. Ауаның ластануын жел қалаға қарай ескенде, анықтауға болады. Ал қазір жел оңтүстік-батыстан соғып тұр. Зауыттан шыққан түтін қалаға емес, далаға кетіп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы