387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-ның сүт зауыты «Қазақстанда жасалған» брендін дамытуға атсалыспақ

  • 710
  • UPD: 09:41, 17.01.2018

Еліміздегі азық-түлік өнімдерінің «Қазақстанда жасалған» брендін дамыту қажет.

Бұл биылғы Елбасы Жолдауындағы міндеттердің бірі. Мысалы, Солтүстік Қазақстан облысы Бескөл ауылындағы сүт зауыты былтыр 1 млрд теңгенің өнімін өндіріпті. Сүт, айран, май шығаратын кәсіпорын табиғи өнім өндіруші ретінде елге танымал.

Мұнда сүттің құрамына баса мән беріледі. Сондықтан кәсіпорын арнайы зертханамен жабдықталған. Күніне 15 тонна сүт қабылдайтын зауытта өнімнің 13 түрі шығарылады. Соның ішінде сүтіне сұраныс жақсы. Ел нарығына танымал тауар.

Елена Хуторная, сүт зауыты цехының басшысы:

Бізде табиғи таза өнім. Бүгінге дейін сүтке бірде-бір қоспа қосқан емеспіз. Барлығы тиянақты тексеріледі. Сондықтан болар нарықта бренд болып қалыптастық.

Мемлекет басшысы биылғы жолдауында ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасы мен экологиялық тазалығына мән беру керектігін айтты. Бұл «Қазақстанда жасалған» табиғи азық-түлік брендін қалыптасыруға мүмкіндік береді.

Ауыл-ауылдардан жиналған сүт озық қондырғыларда өңделеді. Бұл айранның жарамдылығын 7 күнге, ал сүтті 10 күнге дейін сақтауға мүмкіндік береді.

Кәсіпорын өткен жылы 5 мың 700 тонна сүт өңдеп, өндіріс көлемін 30 пайызға ұлғайтты. «Сұраныстың артуы-сапаға байланысты», – дейді зауыт директоры Сергей Чепурко.

Сергей Чепурко, сүт зауытының директоры:

– Бүгінде Еуразиялық экономикалық одақ пен Дүниежүзілік сауда ұйымының талаптары сапалы шикізатпен жұмыс істеуге міндеттейді. Бұл тауар өндірушілерді жолдауда айтылғандай экологиялық таза өнім шығаруға икемдейді. Сонда ғана бренд қалыптасады.

Сүт өнімдері Қарағанды, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында сатылады. Кәсіпкер көктемнен бастап қаймақ шығаруды жоспарлап отыр. 

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Төлеген Иманов, Руслан Әлиев

Хабар 24 телеарнасы