389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оңтүстік Корея Қазақстанмен SNS қызмет көрсету жүйесін дамытуда өз тәжірибесімен бөліспек

  • 463
  • UPD: 15:39, 18.01.2018
Оңтүстік Корея Қазақстанмен SNS қызмет көрсету жүйесін дамытуда өз тәжірибесімен бөліспек

Корея Республикасы Қазақстандағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар дамытуына қатысуға ниетті.

Бұл туралы оңтүстіккореялық ІТ-технологияларды дамыту агенттігіне Қазақстан елшілігінің өкілдері барғанда айтылды. Мемлекеттік орган 2009 жылы құрылған. Ол интернетке қосылатын құрылғылар, бұлтты технологиялар, 3D баспа, цифрлық контент сияқты қызметтерді жасаумен және соны дамытумен айналысады. Дипломаттар біздің елде жүзеге асатын «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы жөнінде корейлік компанияларға баяндап, оларды әріптес болуға шақырды. Жақын арада осы мәселе бойынша екіжақты келіссөздер ұйымдастырылатын болды. IT-технологияларды дамыту агенттігі АҚШ-пен, Еуропа, Оңтүстік-Шығыс Азия, Африка елдерімен әріптестік орнатқан.

Ли Кёнг Хван, IT-өнеркәсіпті дамыту ұлттық агенттігінің департаменті директорының орынбасары: 

- Мен «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының ақпараттық желіні ұлғайтуға және электрондық қызметтерді ұсынуға бағытталғанын білемін. Аталған салада екі ел арасында әріптестік орнайды деп үміттенемін. Осы жылдың басында Оңтүстік Корея әлемде алғаш рет 5G қызметін ұсынады. Біз Қазақстанмен SNS қызмет көрсету мен іздеу жүйесін дамытуда өз тәжірибемізбен бөлісуге дайынбыз.

Хабар 24 телеарнасы